ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

ОБЛЫС ТУРАЛЫ

Жамбыл облысы

Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. АлматыОңтүстік ҚазақстанҚарағандыоблыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-ШаньғаШудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².

Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.

Географиясы

Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды

Облыстың жалпы ішкі өнімі:

23,8 % — өнеркәсіп

20,2 % — ауыл шаруашылығы

16,6 % — көлік және байланыс

6,5 % — құрылыс өнімі

9,2 % — сауда

23,7 % — басқа салалар

Әкімдер

Өмірбек Бәйгелді (1990—1995)

Амалбек Қозыбақұлы Тшанов (1995—1998)

Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев(1998—1999)

Серік Әбікенұлы Үмбетов (ақпан 1999 — 14 мамыр 2004)

Бөрібай Биқожаұлы Жексембин (14 мамыр 2004 — 30 қараша 2009)

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев (30 қараша 2009 — 20 желтоқсан 2013)

Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев (30 желтоқсан 2013 — 18 қаңтар 2018)

Асқар Исабекұлы Мырзахметов (18 қаңтар 2018)

Жамбыл облысынан  шыққан атақты тұлғалар:

Төле би (1663 – 1756) – қазақ халқының бас биі.

Балуан Шолақ (1864 – 1919) – қазақтың халық композиторы, жауырыны жерге тимеген балуан.

Асанәлі Әшімұлы (08.05.1937) – кино және театр актері, КСРО халық әртісі (1980).

Бауыржан Момышұлы (24.12.1910 – 10.06.1982) – қазақтың батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик, Кеңес одағының батыры, жазушы.

Жамбыл Жабайұлы (28.02.1846 – 22.06.1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.

Кенен Әзірбаев (08.05.1884 – 12.04.1976) – қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Қайрат Рысқұлбеков (13.03.1966 – 21.05.1988) – Желтоқсан оқиғасына қатысушы, Халық Қаһарманы.

Шерхан Мұртаза (28.09.1932) – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері.

Асанбай Асқаров (15.09.1922 – 10.08.2001) – мемлекет қайраткері, Социалистік еңбек ері (1982), соғыс ардагері, ақын.

Сарыбай Қалмырзаев (10.06.1949 – 27.07.2012) – мемлекет қайраткері

Шона Смаханұлы (05.10.1924 – 1988) – ақын, сықақшы.

Тұңғышбай Жаманқұлов (02.10.1948) – кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі (1992).

Алтынбек Қоразбаев (01.02.1948) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1993).

Мейрамбек Бесбаев (08.11.1976) – әнші, “МұзАРТ” тобының мүшесі.

Жақсылық Үшкемпіров (06.05.1951) – қазақ халқынан шыққан алғашқы олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), классикалық күрестен спорт шебері.

Бақтияр Артаев (14.03.1983) – бокстан Олимпиада чемпионы (Афины, 2004).

Ермахан Ыбрайымов (01.01.1972) – бокстан Олимпиада чемпионы (Сидней, 2000).

Серік Қонақбаев (25.10.1959) – бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері (Мәскеу, 1980).

Ислам Байрамуков (12.06.1971) – еркін күрестен Олимпиаданың күміс жүлдегері (Сидней, 2000).

Болат Жұмаділов (22.04.1973) – бокстан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері (Атланта, 1996,Сидней, 2000).

Болат Ниязымбетов (19.09.1972) – бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері (Атланта, 1996).

Ақжүрек Таңатаров (03.09.1986) – еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері (Лондон, 2012).

Сейділда Байшақов (28.08.1950) – КСРО құрамасының және “Қайрат”, “Энергетик” (Тараз) командаларының қорғаушысы.

Олег Маскаев (02.03.1969) – кәсіпқой бокстың WBC жүйесі бойынша әлем чемпионы (2006-2008).

Алексей Ни (24.07.1961) – ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Марат Мәзімбаев (03.01.1974) – қазақ халқынан шыққан алғашқы кәсіпқой бокстан әлем чемпионы (IBA, 2005-2007).

Олег Литвиненко (22.11.1973 – 18.11.2007) – Қазақстан құрамасының шабуылшысы, Қазақстан чемпионаттарының ең мерген футболшысы (148 гол).