ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР МАЗАЛАЙДЫ?

Азаматтық бақылау

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР МАЗАЛАЙДЫ?

j-receptionkz 20.11.2020 69 рет қаралды
Бөлісу

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Бөлімнің даму индикаторлары мен ҮЕҰ іс-қимылдарын мониторингілеуге, мемлекеттік органдарының қызметін бағалауға, тұрғындар арасындағы тіршілік әрекеттегі түйінді мәселелерін анықтау мен қатар қоғамдық-саяси ахуалды зерделеуге бағытталған социологиялық зерттеулерді жүргізу” атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Жобаныі мақсаты Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінің даму индикаторлары мен үкіметтік емес ұйымдардың  іс-қимылдарын мониторингілеуге, мемлекеттік органдарының қызметін бағалауға, тұрғындар арасындағы тіршілік әрекеттегі түйінді мәселелерін анықтау мен қатар қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу.

Ағымдағы жылы жобаға тікелей  505 респондент қатыса алды. Оның ішінде 100 респондент Құмшағал аумағының тұрғындарынын болса,  100 респондент   Шөлдала аумағынан, ал қалғаны 11 аумақтың тұрғыны қамтылды.  Өткен жылы респонденттердің 70 пайызы ғылым, мәдениет, білім саласының қызметкерлері болса. Қалған 30 пайызы мемлекеттік қызметкерлер, өзін-өзі қамтушылар, кәсіпкерлер, мәдениет пен салаларының мамандары және түрлі маман иелері қатысты. 2020 жылға 80 пайыз бюджеттік ұйымдардың мигранттар, мүгедектер, зейнеткерлер, ересек жастағы адамдар, жұмыссыздар,қоғамдық ұйымдар, қандастарымыздан сауалнама алынды. 

«Құмшағал», «Шөлдала» ықшам аудандарда шешімін таппай отырған мәселе деген сауалға 

 

Ауыз су, электроэнергия, газ құбыры, жолдар жағдайы 63,0 
Қоғамдық көлік 36,5 
Жұмыссыздық/ 0,5 

 

Қандастардың жергілікті атқарушы органдар тарапынан шешімін таппай отырған түйінді мәселелері?

 

1. Тұрғын үй 43,0 
2. Мемлекеттік жәрдемақы 12,0 
3. Ауыз су 37,0 
4. Тағы басқалары 8,0 

 

Қандастардың жергілікті тұрғындармен өзара  қарым-қатынастарының жағдайы? 

 

1. Тұрақты 82,0 
2. Кикілшің тұрмыстық деңгейде болып тұрады 1,5 
3. Нашар 1,0 
4. Тағы басқалары 15,5 

 

Азаматтық қоғам институттарының жұмыстарын қалай бағалайсыз? (

1. Оң  63,9 
2. Теріс  36,1 

 

Сізді әлеуметтік-экономикалық мәселелердің ішінен ең бастысы қайсысы мазалайды? 

1. Жұмыссыз қалу қауіпі  17,1 
2. Азық-түлік бағаларының өсуі  15,6 
3. Коммуналдық қызметтер бағаларының өсуі  16,6 
4. Қоғамдық транспорт қызметі  10,7 
5. Медициналық қызмет көрсетудің төмендігі  10,5 
6. Экологиялық ахуалдың нашарлығы  5,9 
7. Еңбек ақысының төмендігі  1,9 
8. Балабақшаның жетіспеушілігі  13,4 
9. Білім алуға қол жеткізу мүмкіндігінің қиындығы және оның сапасының төмендігі  5,3 
10. Нашақорлық және алкоголизм  3,1 

 

 Сізді қоғамдық-саяси мәселелердің ішінен ең бастысы қайсы мазалайды (үш жауапқа дейін) (количество ответов : 911) 

1. Тұрғын үй мәселесі  14,3 
2. Жас отбасылардың тұрғын үй мәселелері  19,2 
3. Ұлтаралық қатынастардың өршу қауіпі  14,5 
4. Қылмыстың өсуі, жеке адамның қәуіпсіздігі  11,2 
5. Экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері  6,1 
6. Саяси тұрақтылық мәселелері  9,1 
7. Адам құқығын бұзу, заңсыздық  3,2 
8. Сыбайлас-жемқорлық, билік органдарында қызмет бабын асыра пайдалану  11,9 
9. Оппозицияның іс-әреттері  7,0 
10. Еңбек мигранттары (гастарбайтерлер)  3,4 
11. басқа  0,1 

 

Бұл қоғамдық пікір нәтижелерінің бір-ақ сыпырасы. Сауалнамалары нәтижелері толықтай Тапсырыс беруші беріліп, ұсынымдар тапсырылды.  

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*