ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Екінші әлеуметтік бастаманың Жамбыл облысында 2019 жылғы 1 қыркүйегіне іске асырылу барысы туралы

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»

Екінші әлеуметтік бастаманың Жамбыл облысында 2019 жылғы 1 қыркүйегіне іске асырылу барысы туралы

j-receptionkz 04.10.2019 180 рет қаралды
Бөлісу

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы 63125 теңгеден төмен (25 АЕК төмен) жұмыскерлер үшін 1 пайыз ғана салық салынады. Бұл облыс бойынша 47309 жұмысшылары мен қызметкерлерінің жалақысын 3-4,5%-ға дейін көбейтуге мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар, Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмен жалақы мөлшері 42,5 мың теңге көлемінде белгіленді.

42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын 1425 бюджеттік ұйымдағы 39626 қызметкердің төменгі жалақысы 1,5 есеге көтеріліп, республикалық бюджеттен 4,8 млрд.теңге бөлінді.

Төменгі жалақыны көтеру жұмыстары бойынша облыстың 7513 кәсіпорны 73706 жұмыскердің жалақысын көтеруге даяр екендігін көрсетті.

Бүгінге, 42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын 23440 жұмыскердің еңбек ақысын көтеруді 3309 кәсіпорын қолдады.

Сонымен қатар, облыстағы 91 ірі кәсіпорын 43300 жұмыскердің еңбек ақысын көтеруге келісім берді.

Оның 27-і — жеке сектордағы (13532 жұмыскер), 64-і – мемлекеттік кәсіпорындар (29768 жұмыскер).  

Бастамашылық танытуға қатысты 

42,5 мың теңгеден жоғары жалақы алатын 6966 жұмыскердің еңбекақысын көтеру туралы бастаманы 4113 орта және шағын кәсіпорын қолдап отыр.

Бұл кәсіпорындардағы төмен жалақы алатын жұмыскерлердің  орташа еңбекақысы 39757 теңгеден 50200 теңгеге артып, өсім 26,1%-ды құрап отыр.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*

Оқи отырыңыз