ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Ақтөбе облысында үшінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»

Ақтөбе облысында үшінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

j-receptionkz 08.06.2019 389 рет қаралды
Бөлісу

«Жоғарғы білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастарының жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасы бойынша

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ( CISC ) «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі барлық облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда қоғамдық мониторингін жүргізуде.
Осы орайда, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша Ақтөбе облысы жалпы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстарды төмендегідей сипаттайды:

Облыс бойынша 14 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына 1960 орынға арналған 7 жаңа жатақхананың құрылысы қажеттігі анықталды.
2018 жылы облыстық бюджеттен 612 орынға арналған 3 типтік жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, екі жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Олар:
— «Ақтөбе қаласы, А.Гришин көшесінде 244 орынға арналған жатақханасының жаңа құрылысын жүргізу». Жобаның жалпы құны – 1 007,2 млн тг.
— «Ақтөбе политехникалық колледжі» АҚ 184 орынға арналған жатақханасының жаңа құрылысын жүргізу». Жобаның жалпы құны – 829,4 млн тг.
Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры «Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК-не 184 орынға арналған жатақханасының жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құжаттар мемлекеттік сараптамаға тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі No464, No465 және No467 бұйрықтарына сәйкес жатақханалардың құрылысы жеке инвестор қаражаты есебінен (мемлекеттік тапсырыс орналастыру есебінен жеке инвестордың шығындары өтеледі) жүргізілу қарастырылған.
Бүгінгі күні әлеуетті инвесторлармен жатақхан
әлеуетті инвесторлармен жатақхананың құрылысы жөнінде екіжақты келіссөздер жүргізілуде.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*