ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Ақтөбе облысында екінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»

Ақтөбе облысында екінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

j-receptionkz 08.06.2019 92 рет қаралды
Бөлісу

«Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» бастамасы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ( CISC ) «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі барлық облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда қоғамдық мониторингін жүргізуде.
Осы орайда, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша Ақтөбе облысы жалпы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстарды төмендегідей сипаттайды:

Жеке табыс салығы жүктемесінің төмендеуіне жұмыс берушілерімен еңбек қатынастары заңдастырылған және ай сайынғы жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) төмен немесе 63125 теңге құрайтын тұлғалар, яғни облыс бойынша 92 636 адам ілігеді. Сонымен қатар «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес, Ақтөбе облысына 1,6 млрд. теңге көлемінде шығындарын өтеуге бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді.
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті екінші бастаманы жүзеге асыру және салықтық жеңілдіктер бойынша кең көлемді насихаттауды көздейтін іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында халықпен 10 кездесу өткізді. Ақпараттық-насихаттау жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылды, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың жұмыс берушілерімен кездесулер өткізілді.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*