ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Ақтөбе облысында бірінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»

Ақтөбе облысында бірінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

j-receptionkz 08.06.2019 23 рет қаралды
Бөлісу

«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасы бойынша 

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ( CISC ) «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі барлық облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда қоғамдық мониторингін жүргізуде.
Осы орайда, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша Ақтөбе облысы жалпы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстарды төмендегідей сипаттайды:

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2019 жылғы 6 мамырдағы жағдай боыйнша «7-20-25» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктермен 5,6 млрд.теңге сомасына ипотекалық тұрғын үй заемын алуға 677 өтінім қабылданды, оның ішінде 3,1 млрд.теңге сомасына 370 өтінім мақұлданды.
Ағымдағы жылы «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша бірыңғай іс-шаралар жоспары бекітілді.
Керуен-сити, Экспо, «Нұр Отан», «Драма театры» ғимараттарында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндірмелік промо-акциялар өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 24-25 сәуірде «Экспо» ғимаратында «Нұр Ақтөбе» тұрғын массивіндегі кредиттік пәтерлерді жүзеге асыру бойынша екінші деңгейлі банктердің қатысуымен ашық есік күндері өтті.
Сонымен қатар 3 мамыр күні Алға қаласында «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, Алға қаласының әкімдігі, «ТҚЖБ» АҚ АОФ басшыларының қатысуымен Алға қаласынның тұрғындарымен «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары өтті.
14.09.2018ж. Ақтөбе облысының әкімдігі «Баспана Ипотекалық ұйымы» АҚ-мен Ақтөбе облысында таяудағы жылдары 800,0 мың шаршы метрден астам кредиттік тұрғын үйлерді салу, 20% алғашқы жарнаны төмендету жөнінде ниеттестік туралы Меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі бағдарламаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік қызметкерлерді, әскери қызметшілерді, құқық қорғау органы қызметкерлерін қолдау мақсатында 2,0 млрд.теңге мөлшерінде қаражат бөлінуі және алдын-ала төлемді 10%-ға төмендету жоспарланып жатыр.
Тұрғын үй сертификаттарын берудің бірыңғай Қағидасы ҚР Үкіметімен бекітілген соң, Ақтөбе облысы әкімдігі тарапынан тұрғын үй сертификаттарын ұсыну жұмыстары атқарылатын болады.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*