ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Батыс Қазақстан облысында үшінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»

Батыс Қазақстан облысында үшінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

j-receptionkz 04.06.2019 387 рет қаралды
Бөлісу

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (CISC) «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі барлық облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда қоғамдық мониторингін жүргізуде.
Осыған орай, Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгінов Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша жалпы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстар жайлы сауалға төмендегідей жауап қайырды:

 «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».
Жоғарғы оқу орындарында мамандар дайындауға 278 орынға облыс әкімі гранттары орналастырылып, 2019 жылға жалпы сомасы 192,4 млн теңге қаражат қарастырылды.
Қазіргі таңда 1800 студентке арналған 5 жатақханаға (жалпы аумағы 4,097 га) 5 жер учаскесі бөлінді (колледжге арналған 4 корпус және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 1 корпусты жатақхана):
1. Орал қаласының Батыс Қазақстан индустриалдық колледжіне 500 орындық жатақхана құрылысы. Жобалау-сметалық құжаттаманың жалпы құны — 10 976 мың теңгені құрайды. Ауданы 1,9 гектар жер учаскесі белгіленді. Жоба бойынша 4 білім беру мекемесі үшін 9-қабатты 1 жатақхана корпусының құрылысы қарастырылатын болады (Құрманғазы атындағы музыка колледжі, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Орал ақпараттық технологиялар колледжі). Құрылыстың бағалау құны шамамен 1600 млн. теңге құрайды. Мемлекеттік сараптама қорытындысын алудың болжамды уақыты ағымдағы жылдың шілде айы.
2. Бөрлі ауданының Ақсай техникалық колледжіне 150 орындық жатақхана құрылысы. Жобалау — сметалық құжаттаманың жалпы құны – 6160 мың теңге. Ауданы 0,38 гектар жер учаскесі белгіленді. Жоба бойынша 5-қабатты 1 жатақхана корпусының құрылысы қарастырылды. Құрылыстың бағалау құны шамамен 600 млн. теңге құрайды. Мемлекеттік сараптама қорытындысын алудың болжамды уақыты ағымдағы жылдың шілде айы.
3. Орал политехникалық колледжіне 150 орындық жатақхана құрылысы. Жобалау-сметалық құжаттаманың жалпы құны – 6160 мың теңге. Ауданы 0,13 гектар жер участкесі белгіленді. Жоба бойынша 5-қабатты 1 корпустың құрылысы қарастырылды. Құрылыстың бағалау құны шамамен 585 млн.теңге құрайды. Мемлекеттік сараптама қорытындысын алудың болжамды уақыты ағымдағы жылдың шілде айы.
4. Орал қаласындағы Батыс Қазақстан Жоғары медицина колледжіне 500 орындық жатақхана құрылысы. Жобалау-сметалық құжаттаманың жалпы құны – 10976 мың теңгені құрайды. Ауданы 1 гектар жер участкесі белгіленді. Жоба бойынша 9-қабатты 1 корпустың құрылысы қарастырылды. Құрылыстың бағалау құны шамамен 1500 млн. теңге құрайды. Мемлекеттік сараптама қорытындысын алудың болжамды уақыты ағымдағы жылдың шілде айы.
Барлық 4 жоба бойынша жобалау аяқталды. Жатақхана құрылысына жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыстар басталды.
5. Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 500 орындық жатақхана құрылысы. Тапсырыс беруші М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Ауданы 0,18 гектар жер учаскесі анықталды. Жоба бойынша 9-қабатты 1 екі подъезді корпустың құрылысы қарастырылды.
IV бастама. «Шағын несие беруді көбейту».
2019 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде микрокредиттеуге 4014,5 млн. теңге қаражат қарастырылды, бұл қаржыға 764 микрокредит, соның ішінде 153 микрокредит бастапқы бизнеске беру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 8,8 млн. теңгеге 2 микрокредит беріліп, 168,2 млн. теңгеге 45 жоба қарастырылуда.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 18 млн. теңгеге 4 микрокредит беріліп, 100 млн. теңгеге 20 жоба қарастырылуда.
2019 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде қалаларда және моноқалаларда микрокредиттеуге 597,3 млн. теңге, кепілдік беруге – 36 млн. теңге бөлінді.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*