ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Атырау облысында төртінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту»

Атырау облысында төртінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

j-receptionkz 02.06.2019 67 рет қаралды
Бөлісу

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының CISC «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі барлық облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда қоғамдық мониторингін жүргізуде.
Осыған орай, Атырау облысы әкімі Н.Ноғаев Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша жалпы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстар жайлы сауалға төмендегідей жауап қайырды:

 «Шағын несие беруді көбейту» бойынша:
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 750 адамды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, 336 адамды несиелеуге қаражат бөлінді.
2019 жылдың 1 мамырына бағдарлама шеңберінде өз ісін ашуға немесе кәсібін әрі қарай дамытуға 13 адамға несие берілді.
41 адамға микрокредиттерге кепілдік беруге, 150 адамға грантқа және операциялық шығындарды субсидиялауға қаражаттар бөлінді.
Бөлінген қаражаттарды игеру жұмыстар жалғасуда.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*