ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Атырау облысында үшінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»

Атырау облысында үшінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

j-receptionkz 02.06.2019 324 рет қаралды
Бөлісу

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының CISC «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі барлық облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда қоғамдық мониторингін жүргізуде.
Осыған орай, Атырау облысы әкімі Н.Ноғаев Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша жалпы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстар жайлы сауалға төмендегідей жауап қайырды:

«Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бойынша:
Облыс бойынша студенттердің жалпы саны – 29 423 (3 ЖОО –13 727, 25 кәсіптік және техникалық оқу орындарында – 15 696).
Облыстағы 3 жоғарғы оқу орындарында жатақханаға деген қажеттілік жоқ (бүгінгі күні ЖОО-ғы – 2 198 студент жатаханамен қамтылған).
Ал, техникалық және кәсіптік оқу орындары студенттерінің жатақханаларға сұранысы – 960. 11 оқу орнында 589 студент жатақханамен қамтылған.
Қазіргі таңда студенттердің жатақханаға сұранысын қанағаттандыру мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:
3 оқу орнында 260 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде (1.Атырау энергетика және құрылыс колледжіне 100 орындық жатақхана, 2. Жылыой технологиялық мұнай және газ колледждің 60 орындық жатақхана, 3. Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжіне 100 орындық жатақхана).
Сонымен қатар, 350 орындық 3 техникалық және кәсіптік оқу орындарының жатақхана құрылысына тендерлік рәсімдер жүргізілуде (1.С.Мұқашев атындағы Атырау қаласындағы политехникалық колледждің 150 орындық жатақхана, 2.Атырау көлік және коммуникация колледждің 100 орындық жатақхана, 3.Атырау индустриалды колледждің 100 орындық жатақхана).
1 колледжге жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталды (Атырау қаласындағы медициналық колледжіне – 200 орындық жатақхана).
1 колледжге ЖСҚ түзету жүргізілетін болады (Атырау аграрлы- техникалық колледжіне 150 орындық жатақхана).
Сонымен қатар, Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы 100 орындық жатақханасы бар 320 оқу орындық кәсіптік техникалық колледжінің құрылысы жүргізілуде, осы жылдың аяғында қолданысқа беріледі деп күтілуде.
1 колледжге оқу корпусы мен жатақханасы құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда (Атырау мұнай және технологиялық газ колледждің 420 орындық оқу корпусы мен 150 орындық жатақхана).
Жоғарыда аталған жобалар жүзеге асыру арқылы, техникалық және кәсіптік оқу орындарындағы жатақханаларға деген сұраныс толықтай қанағаттандыру жоспарлануда.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*