ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Атырау облысында бесінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру»

Атырау облысында бесінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

j-receptionkz 02.06.2019 203 рет қаралды
Бөлісу

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының CISC «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі барлық облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда қоғамдық мониторингін жүргізуде.
Осыған орай, Атырау облысы әкімі Н.Ноғаев Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша жалпы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстар жайлы сауалға төмендегідей жауап қайырды:

«Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бойынша:
Қазіргі таңда облыстағы 162 елді мекендердің 126-ы немесе 78,2%-ы (халықпен шаққанда 98,4%-ы) көгілдір отынмен қамтылуда.
Облыс көлемінде шағын және шалғай орналасқан газдандырылмаған 35 елді мекен бар. Жоспарға сәйкес, шағын елді мекендерді газбен қамту жұмыстары қолға алынды. Соның бірі — Азғыр өңірінің 10 елді мекендерін газдандыру. Осы мақсатта 2 жоба әзірленді: 365 шақырым магистралдық және ауыларалық жоғарғы қысымды газ құбыры және 67,6 шақырым ауылішілік газ құбыры. Құрылыс жұмыстары әлеуметтік бағдарламалар аясында іске асыру міндетін алған «NCOC B.V.» компаниясы арқылы 2017 жылдың басталды. Бүгінгі таңда, жосапрланған 365 шақырым магистралды және кентаралық газ құбырының құрылысы тартылды. Ал, 67,6 шақырым селоішілік газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2019 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланды.
Сонымен қатар, Махамбет, Исатай және Қызылқоға аудандарының 13 шағын ауылына газ құбырының құрылыстары кезең — кезеңмен іске асырылуда (Махамбет ауданының Бала Ораз, Атамбаев, Көздіқара, Есмахан ауылдары, Исатай ауданының Амангелді,Жасқайрат, Қызыл үй ауылдары, Қызылқоға ауданының Тасқұдық, Саркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай ауылдары).
Жергілікті бюджет есебінен 3 ауылға Махамбет ауданының Бала Ораз, Атамбаева, Көздіқара ауылдарына газ құбырының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда нысанды пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы Махамбет ауданының Есмахан ауылына мекенін (жалпы құны-130,9 млн.теңге) және Исатай ауданының Амангелді ауылын газдандыру мердігер мекемесі анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Қызылқоға ауданының 6 елді мекені Тасқұдық, Соркол, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай ауылдары, Исатай ауданының Қызыл үй ауылы және Жасқайрат ауылы мекендеріне жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптама қорытындысы алынды.
Аталған жобалар іске асырылғаннан кейін, облыс елді мекендерінің көгілдір отынмен қамтылу деңгейі 155 елді мекенде
92,5%-ды құрайтын болады.
Бұдан бөлек, облыста «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ұсынған 9 инвест нысанның жұмыстары атқарылуда.
1) Махамбет ауылы мен Жалғансай ауылын қосатын газқұбырын салу
2) АГТС «Елтай» мен Аққала ауылы газ құбырын салу
3) «Индер-Махамбет магистралды газқұбырынан Махамбет және Индер аудандарының елді мекендеріне тартылатын газ құбыры-бұруларын салу»
4) «Жыланды селосынан – Д.Нұрпейсова селосына дейін жоғары қысымды кентаралық газ құбырын салу»;
5) «Индер кентіндегі Құбашев көшесіне орта қысымды газ құбырының құрылысы»;
6) «Жайық өзені арқылы өткелімен Еркінқала ауылымен Дамба ауылын қосушы жоғары қысымды газқұбырын салу»;
7) «Бірлік» БГРП-ны қосумен Интергаз Орталық Азия МГҚБ-ның Орбита «Газпроммаш-50» АГТС –тан «Атырау» №1 ГТС-қа дейін жоғары қысымды қосу газ құбырын салу
8) «Ақкөл АГТС – Дәшін ауылын қосатын газқұбырын салу»
9) «Құрманғазы көшесі Әбілхайырхан даңғылының бұрышы – Еркінқала селосы Ерік Мостовой арнасының бойымен жоғары қысымды газ құбыры құрылысы.
Соның ішінде күні бүгінде 3 нысан құрылысы (1.«Индер кенті Кубашев көшесіндегі орта қысымды полиэтилен газ құбырының құрылысы», 2.«Индер-Махамбет магистралды газқұбырынан Махамбет және Индер аудандарының елді мекендеріне тартылатын газ құбыры-бұруларын салу», 3.«Махамбет ауылы мен Жалғансай ауылын қосатын газқұбырын салу») аяқталды.
Ағымдағы жылы 3 нысан құрылысы (1.«Жайық өзені арқылы өткелімен Еркінқала ауылымен Дамба ауылын қосушы жоғары қысымды газқұбырын салу», 2.«Жыланды селосынан – Д.Нұрпейсова селосына дейін жоғары қысымды кентаралық газ құбырын салу», 3.АГТС «Елтай» мен Аққала ауылы газ құбырын салу) жалғасуда.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*