ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Атырау облысында бірінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»

Атырау облысында бірінші әлеуметтік бастаманың орындалуы туралы

j-receptionkz 02.06.2019 59 рет қаралды
Бөлісу

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының CISC «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі барлық облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда қоғамдық мониторингін жүргізуде.
Осыған орай, Атырау облысы әкімі Н.Ноғаев Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша жалпы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстар жайлы сауалға төмендегідей жауап қайырды:

«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша:
Ағымдағы жылғы 6 мамыр жағдайымен облыс бойынша 366 өтінім түсіп, 216 ипотекалық несие мақұлданып, бүгінгі күнге 205 ипотекалық несие нақты берілді.
Бүгінгі таңда әкімдікпен тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бастапқы жарнаны әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау үшін 1 млрд.теңге қарастыру жоспарлануда. Тұрғын үй сертификаттары бюджеттiк қарыз түрiнде әлеуметтiк көмек немесе әлеуметтiк қолдау (бюджеттік кредит) түрiнде беріледі.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша өзгерістер енгізілді.
Қазіргі таңда, тұрғын үй сертификаттарын беру тетігін іске асыру үшін «Тұрғын үй сертификаттарын берудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасы бүгінгі күні мүдделі органдармен келісілуде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*