ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
«ИНТЕРНЕТ-ҚАБЫЛДАУ» ЖЕЛІСІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
БҰЛ САЙТ АРҚЫЛЫ СІЗДІ МАЗАЛАҒАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША СҰРАҒЫҢЫЗДЫ ҚОЙЫП, ТИІСТІ МЕКЕМЕДЕН ЖАУАП АЛУҒА МҮМКІНДІГІҢІЗ БАР!

 
 
* Егер де сіздің элекронды поштаңыз немесе
ұялы телефон номеріңіз шынайы болмаса,
сіздің сұрағыңыз анонимдік болып табылады.


ЭЛЕКТРОНДЫ КЕҢЕС БЕРУ ЖУРНАЛЫ

278 сұрақ.
08.12.2018 в 14:57:
Жанат Жорабековна: Сәлеметсіздер ме, мен Тараз қаласының тұрғынымын.Жалғыз басты анамын.2 балам бар.Екінші балам мүмкіндігі шектеулі қатарында.2012 жылдан бастап балаларымның әкесінен алимент өндіріп алуға сот шешім шығарған.Осы уақыт ішінде борышкердің қарызы 3 миллионға жуық.Алайда сот орындаушылар өз міндеттерінен қашып құжаттарымды бірінен екіншісіне жібереді.Осыдан төрт ай бұрын жаңа сот орындаушыға ауыстырған.Осы уақыт ішінде борышкер 20 мың тг ден басқа ақша төлемеді.Енді не істеуге болады?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының (әрі қарай- ҚР Заңы) 15 бабының 1 тармағына сай, атқарушылық іс жүргізудің тараптары өндіріп алушы және борышкер болып табылады.
Сондай-ақ, ҚР Заңының 16 бабының 1 тармағына және 18 бабының 3 тармағына сәйкес, атқарушылық iс жүргiзу тараптары немесе сенімхат арқылы куәландырылған өкілі атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы деп көрсетілген.
Осыған орай, Сіз атқарушылық іс жүргізудің тарапы немесе сенімхат арқылы куәландырылған өкілі болып табылмауыңызға байланысты және жоғарыда көрсетілген негіздерге сәйкес, Әділет департаменті, Сізге өтініште көрсетілген уәждер бойынша және атқару өндірісінің орындалу барысы туралы толық ақпарат ұсыну мүмкіншілігі жоқ екендігін мәлімдейді.
Алайда, өтініш білдірушілер немесе сенімхат арқылы куәландырылған өкілдері тікелей Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына (Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі № 3) немесе Жамбыл облысының Әділет департаментіне (Тараз қаласы, Төлеби көшесі № 55) арызбен жүгінуге құқылы екендігін назарларына жеткізуіңізді сұрайды.
Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, субъектiге немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылы екендігіңізді түсіндіреміз.
08.12.2018 в 14:38:
Айжан Арыстанқызы: Саламатсыздарма өтініш сіздерде Сарысу ауданына Жанатасқа шакырсак дегенбіз Айгул балабақшасына Балабақшада мүлдем условия жоқ тамак ішетін ыдыстары дат бамып кетткен жататын төсектеріде жыртык жамау матырастарыда ескі туалеттеріде ескі су акпайды. Жанатаска өтінем келініздерші ата аналарда жолғамыз дейді бар шындыкты айтамыз деп жатыр Біз көрейік деп айтамыз бізді сыртан кайтарып жібереді бəрі жаксы деп менде видеосы бар жасырын түрде тусіріп алдым сіздерге жіберейін десем бармайды. Садикке туалетни бумага алдырады айсайын 2 штуктан тамактарыда нашар баламыз аш кайтады кешке уйге келген бетен нан май жеймін деп тұрады. Жататын орындары ужыс краватары маскара ескі матырастары жанатан тіккен матырастарын завхоз кабнетіне қойып қойған оны қолданбайды туалетіріне ожаумен су құйады қол жунатын рафиналарыда істемейді келіп жатқан жағдайда бізбен хабарласыныздар бізде барамыз садикке Айгул балабакшасы.
Жауап:
Балабақша бөбекжай-бақшасы болып ауысқалы тәрбиеші көмекшілерінің айлығы қысқарған?

Сарысу ауданының «Айгүл» бөбекжай-бақшасында 23 тәрбиеші көмекшісі жұмыс атқарады.
2018 жылдық қыркүйек айында өндірістік қажеттілікке байланысты «Айгүл» балабақшасы бөбекжай типіне ауыстырылған.
Зерделеу барысында мекеме типінің өзгеруі тәрбиеші көмекшілерінің еңбек жалақысына әсерін тигізбеген, қызметкерлердің жыл басындағы айлық жалақылары өзгеріссіз сақталған.
Қызметкерлердің еңбек жалақылары ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне» сәйкес есептелген.

Тәрбиеші көмекшілеріне қосымша еден жудыртады, бірақ жалақы төленбейді:

Зерделеу барысында мекемедегі 11 тәрбиеші көмекшісінен жеке сұхбат алынды. Сұхбаттасу барысында барлық тәрбиеші көмекшілері қосымша еден жумайтындығын мәлімдеді.

Мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы:

«Айгүл» бөбекжай-бақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген, жергілікті әкімдік деңгейінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
08.12.2018 в 14:25:
Асылбек Нәсіпқалиұлы: Қоғамдық көліктерде неге этика этетика мәселесі қадағаланбаған?! Жүргізуші неге шылым шегеді?! Көше атаулары неге дұрыс аталмайды?!
Жауап:
Қалалық тұрақты бағыттарда жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімн тасымалдауды ұйымдастыру үшін тасымалдаушы мекемелермен екі жақты жасалынған келісімшарт талаптарының орындалуын автопарк басшыларымен бірлесіп бекітілген кесте бойынша күнделікті бақылау бойынша тиісті шаралар қолданылып (жұмыстан босату, жұмыстан уақытша шеттету), оларды жою және болдырмау үшін тасымалдаушы мекеме басшыларына тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды. Ағымдағы жылдың басынан тәртіп бұзушылық көрсеткен 9 жүргізуші мен оның жолсерігі жұмыстан босатылды. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралардың жүргізілуі жалғасын табады. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүргізушілер тарапынан жолаушы тасымалдау қағидалары бұзылған жағдайда, телефон арқылы (34-13-94, 34-33-44) байланысуыңызды сұраймыз, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қолданылатынын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін арттыру мақсатына бүгінгі таңда тасымалдаушы мекемелер қаражатынан 115 автобусқа аялдамаларды автоматты түрде хабарлап отыратын, сонымен қатар жолаушыларға қалта ұрлығынан сақ болуын, билет түбіртектерін талап ету қажеттігін және тағы да басқа маңызды хабарламаларды хабарлайтын «автоинформаторлар» орнатылды. Алдағы уақытта қоғамдық бағыттардағы автобустардығ барлығын жабдықтау жоспарланып отыр.
08.12.2018 в 13:53:
Алтынбек Бакытжанулы: Жастарга кандай колдау бар. Уй квартира алу жагынан
Жауап:
Басқарма тарапынан ағымдағы жылы барлық санаттағы жастарды өзекті салалардағы мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша ақпараттандыруға басымдық танытты. Бұл бағыттағы жұмыс «Елбасы Жолдауы - дамудың жаңа бағыты» атты автокеруені барлық аудан орталықтары мен елді-мекендерінде болып, «Кеңес беру алаңдарын» ұйымдастырды. Кеңес беру алаңдарында 10-нан астам саланың 20-ға жуық өкілдері тұрғындар мен барлық санаттағы жастарға кеңестер берді. Оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша – 496 жасқа кеңес берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы құрылған. 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Ауылды тұрғылықты пункттерінде әлеуметтік салалардың қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң (одан әрі - заң) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді, онда ауылдық елді мекендердегі тұрғылықты пункттеріне өмір сүру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік салалар мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған. «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында көтерме жәрдемақы 70 АЕК-ы (158 830 теңге) құраса, несие көлемі 1500 АЕК-ы (3 млн. 435 мың теңге) құрап отыр.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2018 жылы тұрғын үй сатып алуға 921,4 млн. теңгеге 253 маманға несие қаражаты қаралса, көтерме жәрдемақы алуға 401 маманға 160,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
2018 жылдың 9 айында бағдарлама аясында 374 маманға
136,7 млн.теңге көтерме жәрдемақы берілген және 246 маманға тұрғын үй сатып алуға 831,3 млн.теңге бөлінген.
2017 жылы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға 803,2 млн. теңгеге 236 маманға несие қаражаты қаралса, 452 маманға көтерме жәрдемақы беруге 147,0 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқарма Заңның 12-бабына сәйкес, аталған өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмге шағым жасау құқығыңыз бар екенін назарыңызға жеткізеді.
08.12.2018 в 13:49:
Биржан Кенесбек: Тараз жарык беру мекемесинин устинен арыз шагым тусиру ушин кайда бару керек.
Жауап:
Облыста барлық деңгейдегі (ірі кәсіпорындарды есепке алмағанда) 98,7% тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ететін басты мекеме «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС-і болып табылады. Арыз-шағымыңызды тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органына жазуыңызға құқылысыз.
08.12.2018 в 13:45:
Марина Жубаныш: Салеметсизбе. Мен шолдала ауылында тұрамын. Бизде табиғи газ жоқ. 2017 бериле ди деген мине али жоқ. Қашан бизге газ бериле ди? Тағы бир отиниш им шлюз аялдамасына бару ушин копирден өтемиз. Бұл копир өте апатты жағдайда тұр. Темирлеринин бари сынып қалған Оқушыларга өте қиын болып тұр. Астынан су ағып тұр. Коркып өтемиз. Сол копирге үлкен жөндеу қажет. Тезирек жөндеп берсениздер.
Жауап:
Тараз қаласындағы Шөлдала тұрғын алқабына (Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад, Шөлдала шағын аудандары) газ келтіретін құбыр мердігер ұйым «Монолит-Дизайн» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын 2017 жылғы 1 сәуірде бастап 2017 жылғы 31 шілдеде аяқтады. Газ құбырының ұзындығы 24,355 шм. Шөлдала тұрғын алқабының көше аралық газ тарататын құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 2018 жылы қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда алғашқы деректер жинақталуда.
Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім республикалық бюджетке тапсырылатын болады
08.12.2018 в 13:42:
Расулхан Сыбанбайұлы: Мен Сыбанбай Расулхан жамбыл ауданы Түркісб ауылында тұрам.Ауылдын ортасында тұрамыз ауылда газ бар ал мен тұратын жерде 10 үйде газ тартылмаған.Енді газ тарткызаиын десек дакументімен учочукгіне 230 мын деиді.Трубасын жүргізуін санамағанда сонда бир жапырак кағазбен бір учочук сондай акша болғаны ма?алде құлқынның тамағы ма?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңының 12-бабы 5-тармағына сәйкес, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін магистралдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты шығыстар газбен жабдықтау жүйелеріне қосылатын объектілердің иелері есебінен жүргізіледі.
Осыған орай, тұрғын үйдің иесі орталықтандырылған газ торабына қосуға техникалық шарт алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар мердігер ұйымымен келісім шартқа отыруы тиіс. Қаражаты атқарылатын жұмыс көлеміне сәйкес анықталады.
08.12.2018 в 13:39:
Арай Колхозбековна: 10 мкр Аса 31 уйде жылу оте томен сапасы уй суык тек акша толеймиз суык патер
Жауап:
2018 жылы 13 қарашада түскен тапсырысқа байланысты «Таразэнергоорталық» АҚ-мы және «Таразтрансэнерго» МКК-ның испекторлары Тараз қаласы,10 мкр «Аса» 31 үйнің жер төледегі элеваторлық торабын тексеріп температураның беріліу 54 0С, ал қайтуы- 410С құраған, нормаға сәйкес нәтижесінде элеваторлық тораптары тазаланып жылу жүйесінің циркуляциясы қалпына келді.
08.12.2018 в 13:28:
Алия Фазылбеккызы: Салеметсіз бе! Жамбыл ауданы Жасөркен ауылының тұрғынымын. 4 баланың анасымын. Біздің ауылдағы ең өзекті мәселе — ол жолаушылар қатынайтын автобустың жетіспеушілігі. Негізі ауылға қатынайтын автобус саны -3. Бірақ олар өз кезегінде уақытысымен жұмыс жасамайды, яғни көбінесе шықпай қалады, сол себептен жұмысқа кешігіп жатамыз. Екінші өзекті мәселе ол- жол мәселесі. Асфальт әбден ескірген, тозығы жеткен. Сол жолдың кесірінен көліктердің жүруі қиын және мектепке баратын кезде балаларымыз қиналады, аяғынан су өтіп, қысы-жазы әбігерге түсеміз. Өсіп келе жатқан ауылдағы жеткіншектерге арналған мәдениет үйінің болуын қамтамасыз етсеңіздер. Рахмет! Жауап күтемін!!!
Жауап:
Жолаушылар қатынайтын автобустың жетіспеушілігі туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүргізілетін Тараз-Жасөркен бағытындағы жолаушыларды тасымалдайтын автобустарының кесте санын ұлғайтуға ұсыныс хат жолданды.
Көшелердегі асфальт жолдардың жағдайы туралы
Қызылқайнар ауылдық округіне қарасты Жасөркен ауылында барлығы жеті көше бар. Оның Жасөркен және С.Тұралиев көшелері асфальтталған, қалған 5 көше шағал жол. 2018 жылы Жасөркен көшесі ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Ауылда мәдениет үйінің болмауы туралы
Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес «Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы» әзірленгені белгілі.
Осы картада Жамбыл ауданы бойынша мәдениет нысандарын қажет ететін 5 еді мекен (Қаракемер, Қарой, Ақбұлым, Қызылқайнар) анықталған. Аталған елді мекендердегі мәдениет нысандарының құрылысы кезең-кезеңмен жүргізілмекші. Қызылқайнар елді мекенінде (Жасөркен ауылы) ауылдық клуб құрылысын 2022-2025 жылдар аралығында жүргізу жоспарланып отырғандығын хабарлайды.
05.12.2018 в 16:29:
Нұрсұлтан Ертайұлы: те кто работал в период с 1991 по 2018 годам, на территории Казахстана или Российской Федерации,имеют право на вывод 650000 ₸ от eGov. Проверьте является ли ваше имя в списке тех кто имеют право на вывод этих денежных средств. Осы рас па?
Жауап:
Құрметті Нұрсұлтан Ертайұлы!
«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі J-RECEPTION.KZ қабылдау желісі жұмысын бастады. Сіздің сауалыңызды «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі қабылдады. Сұрағыңыз Қазақстан Республикасының қаржы министрі Ә.Смайыловқа жолданды.

Құрметпен: «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
05.12.2018 в 16:05:
Орынбасар Пернебаевич: Ассалаумағалейкум.Біздер Құмшағал жастары 11-аймақтан өтінішпен шығып отырмыз.Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауында келер 2019жылы Жастар жылын бекітті.Нақты 100-Спорт кешенінін соғуға үлен мүмкүншілік беріп отыр.Менім аты жөнім Токбергенов Орынбасар.Құмшағалда жастардың мүшесімін.Болашақ жастардікі деп білеміз.Құмшағал 11-аймағында тұрғындар саны 20,742(жиырма мың жеті жүз қырық екі)құрайды.Құмшағалымызда спорт кешені атымен жоқ, және жылдан -жылға көркейіп келе жатыр.Ең бастысы жастарымыздың болашағын ойлауымыз керек.Біздерде Тараз қаласынан шетте қалып кеткен жоқпыз ба. Осыған кезінде спорт кешені туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Нәсібектін жеке қабылдауында болып, өзіне хат жүзінде шығып назарында болған олда құрғақ уәде болды.Уақыт өте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Манжуов Ерғанатың жек қабылдауында болдық олда жоқ.Енді нақты келер 2019жылы салауатты өмір салтын ұстанып жастар жылына Құмшағалдың өзіне спорт кешенін салыр берулеріңізді сұраймыз.Елін сүйген, жерін сүйген,потратизмы мықты жастарымыз болса келешекте Қазақстаның дамуына ат салысады деген ойдамыз.Біздің Құмшағалдың өзінде көптенен іс-шаралар өтеді. Тараз қаласының жастары жылда келіп ойларымен бөліседі.Бізбен бірге ойларыңызды бөлісуге шақырамыз.Нақты қай жерге соғуға болатынын. Құмшағал 11-аймағының Жастар атынан. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Жауап:
Құрметті Орынбасар Пернебаевич!
«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі J-RECEPTION.KZ қабылдау желісі жұмысын бастады. Сіздің сауалыңызды «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі қабылдады. Сұрағыңыз Тараз қаласы әкімі Ғ.Әбдірайымов пен Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтенге жолданды.

Құрметпен: «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
29.11.2018 в 16:48:
Дана Бахрам: Әкем зейнеткер және мүгедек. 2006 шы жылдан бері жер кезегінде тұрады. Қашанда барса ол жылға беріліп жатқан жоқ дейді. Сонда қашан ол жылға беріледі жер?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.
29.11.2018 в 16:41:
Эльмира Болатбекқызы: 2006 жылдан бері жер телімінің кезегінде тұрмын, жылда кезек 10-15 адамға ғана жылжиды, біздің жанұяның кезегі қашан келеді?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.
29.11.2018 в 16:38:
Асия Талгаткызы: Салеметсизбе казирги кезде жумыссызбын озим кв арендада турамын алатын алиментим 7500 мын тенге оныда дурыстап тоилемеиди окметтен жалгызбасыты анага кандаи комек бар. Уиге очеретке турдым ол каи кезде келетини белгисиз 10797 болып турмын.баскада пасобия дегендеи комек бар ма .Осы аитылган сурактарыма жауап алсамба деп едим.
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.
29.11.2018 в 16:34:
Салтанат Шаметхановна: Мен 2009 жылдан бери коп балалы отбасы ретинде патерге кезекте турмын, казирги кезде 5 балалы отбасымыз, кезек артка кетпесе, алга жылжыйтын тури жок. Мени мазалайтын сурак, патер алуга мумкиндик бар ма бизге? Алде кезекти кутпей баска шаралар колданган жон бе?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.