Жанар Акмурзаева: 18 жасқа толған жасөспірімдерге үй және жердің кезегіне қалай тұруға болады? Үй алу үшін жастарға арналған қандай да бір бағдарламалар бар ма? Қандай құжаттар қажет және қайда барып кеңес алсам болады?
Жауап:
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Сіздің бірнеше сұрақтарыңыздың жауабына төмендегіні хабарлайды.
18 жасқа толған жасөспірімдерге үй және жердің кезегіне қалай тұруға болады?
Жауабы: ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 67,74 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан ьұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі.
Кезекке тіркелу үшін жоғарыда көрсеілген Заңның 67 бабына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, тұрғылықты мекен-жайф соңғы үш жыл көлемінде тиісті қала және аудан аумағында болуы және иеліктерінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.
Кезекке тіркелу үшін келесі санаттардағы азаматтар өтініш білдіре алады:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар;
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;
мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер;
жалғыз тұрғын үйі апатты деп табылғандар.
Әр азамат жылжымайтын мүліктің болуына немесе болмауына байланысты жеке тұрғын-үй құрылысына 0,10 га жерге құқылы. Ол үшін жер учаскесін қайда алғыңыз келетініне байланысты тиісті әкімдікке жүгіну қажет.
2. Үй алу үшін жастарға арналған қандай да бір бағдарламалар бар ма?
Жауабы: Бүгінгі күнде Жамбыл облысында пәтер алу үшін жастарға арналған мемлекеттік бағдарламар қолданыста жоқ екенін хабарлайды.
3. Қандай құжаттар қажет және қайда барып кеңес алсам болады?
Жауабы: Қойгелді к-сі, №173 мекен-жайдағы “Тараз ӘКК ҰҚ АҚ” ғимаратында “7-20-25” бағдарламасы бойынша түсіндерме жұмыстары жүргізілуде.