ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
«ИНТЕРНЕТ-ҚАБЫЛДАУ» ЖЕЛІСІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
БҰЛ САЙТ АРҚЫЛЫ СІЗДІ МАЗАЛАҒАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША СҰРАҒЫҢЫЗДЫ ҚОЙЫП, ТИІСТІ МЕКЕМЕДЕН ЖАУАП АЛУҒА МҮМКІНДІГІҢІЗ БАР!

* Егер де сіздің элекронды поштаңыз немесе
ұялы телефон номеріңіз шынайы болмаса,
сіздің сұрағыңыз анонимдік болып табылады.
200 сұрақ.
08.12.2018 в 13:53:
Алтынбек Бакытжанулы: Жастарга кандай колдау бар. Уй квартира алу жагынан
Жауап:
Басқарма тарапынан ағымдағы жылы барлық санаттағы жастарды өзекті салалардағы мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша ақпараттандыруға басымдық танытты. Бұл бағыттағы жұмыс «Елбасы Жолдауы - дамудың жаңа бағыты» атты автокеруені барлық аудан орталықтары мен елді-мекендерінде болып, «Кеңес беру алаңдарын» ұйымдастырды. Кеңес беру алаңдарында 10-нан астам саланың 20-ға жуық өкілдері тұрғындар мен барлық санаттағы жастарға кеңестер берді. Оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша – 496 жасқа кеңес берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы құрылған. 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Ауылды тұрғылықты пункттерінде әлеуметтік салалардың қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң (одан әрі - заң) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді, онда ауылдық елді мекендердегі тұрғылықты пункттеріне өмір сүру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік салалар мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған. «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында көтерме жәрдемақы 70 АЕК-ы (158 830 теңге) құраса, несие көлемі 1500 АЕК-ы (3 млн. 435 мың теңге) құрап отыр.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2018 жылы тұрғын үй сатып алуға 921,4 млн. теңгеге 253 маманға несие қаражаты қаралса, көтерме жәрдемақы алуға 401 маманға 160,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
2018 жылдың 9 айында бағдарлама аясында 374 маманға
136,7 млн.теңге көтерме жәрдемақы берілген және 246 маманға тұрғын үй сатып алуға 831,3 млн.теңге бөлінген.
2017 жылы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға 803,2 млн. теңгеге 236 маманға несие қаражаты қаралса, 452 маманға көтерме жәрдемақы беруге 147,0 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқарма Заңның 12-бабына сәйкес, аталған өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмге шағым жасау құқығыңыз бар екенін назарыңызға жеткізеді.
08.12.2018 в 13:49:
Биржан Кенесбек: Тараз жарык беру мекемесинин устинен арыз шагым тусиру ушин кайда бару керек.
Жауап:
Облыста барлық деңгейдегі (ірі кәсіпорындарды есепке алмағанда) 98,7% тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ететін басты мекеме «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС-і болып табылады. Арыз-шағымыңызды тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органына жазуыңызға құқылысыз.
08.12.2018 в 13:45:
Марина Жубаныш: Салеметсизбе. Мен шолдала ауылында тұрамын. Бизде табиғи газ жоқ. 2017 бериле ди деген мине али жоқ. Қашан бизге газ бериле ди? Тағы бир отиниш им шлюз аялдамасына бару ушин копирден өтемиз. Бұл копир өте апатты жағдайда тұр. Темирлеринин бари сынып қалған Оқушыларга өте қиын болып тұр. Астынан су ағып тұр. Коркып өтемиз. Сол копирге үлкен жөндеу қажет. Тезирек жөндеп берсениздер.
Жауап:
Тараз қаласындағы Шөлдала тұрғын алқабына (Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад, Шөлдала шағын аудандары) газ келтіретін құбыр мердігер ұйым «Монолит-Дизайн» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын 2017 жылғы 1 сәуірде бастап 2017 жылғы 31 шілдеде аяқтады. Газ құбырының ұзындығы 24,355 шм. Шөлдала тұрғын алқабының көше аралық газ тарататын құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 2018 жылы қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда алғашқы деректер жинақталуда.
Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім республикалық бюджетке тапсырылатын болады
08.12.2018 в 13:42:
Расулхан Сыбанбайұлы: Мен Сыбанбай Расулхан жамбыл ауданы Түркісб ауылында тұрам.Ауылдын ортасында тұрамыз ауылда газ бар ал мен тұратын жерде 10 үйде газ тартылмаған.Енді газ тарткызаиын десек дакументімен учочукгіне 230 мын деиді.Трубасын жүргізуін санамағанда сонда бир жапырак кағазбен бір учочук сондай акша болғаны ма?алде құлқынның тамағы ма?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңының 12-бабы 5-тармағына сәйкес, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін магистралдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты шығыстар газбен жабдықтау жүйелеріне қосылатын объектілердің иелері есебінен жүргізіледі.
Осыған орай, тұрғын үйдің иесі орталықтандырылған газ торабына қосуға техникалық шарт алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар мердігер ұйымымен келісім шартқа отыруы тиіс. Қаражаты атқарылатын жұмыс көлеміне сәйкес анықталады.
08.12.2018 в 13:39:
Арай Колхозбековна: 10 мкр Аса 31 уйде жылу оте томен сапасы уй суык тек акша толеймиз суык патер
Жауап:
2018 жылы 13 қарашада түскен тапсырысқа байланысты «Таразэнергоорталық» АҚ-мы және «Таразтрансэнерго» МКК-ның испекторлары Тараз қаласы,10 мкр «Аса» 31 үйнің жер төледегі элеваторлық торабын тексеріп температураның беріліу 54 0С, ал қайтуы- 410С құраған, нормаға сәйкес нәтижесінде элеваторлық тораптары тазаланып жылу жүйесінің циркуляциясы қалпына келді.
08.12.2018 в 13:28:
Алия Фазылбеккызы: Салеметсіз бе! Жамбыл ауданы Жасөркен ауылының тұрғынымын. 4 баланың анасымын. Біздің ауылдағы ең өзекті мәселе — ол жолаушылар қатынайтын автобустың жетіспеушілігі. Негізі ауылға қатынайтын автобус саны -3. Бірақ олар өз кезегінде уақытысымен жұмыс жасамайды, яғни көбінесе шықпай қалады, сол себептен жұмысқа кешігіп жатамыз. Екінші өзекті мәселе ол- жол мәселесі. Асфальт әбден ескірген, тозығы жеткен. Сол жолдың кесірінен көліктердің жүруі қиын және мектепке баратын кезде балаларымыз қиналады, аяғынан су өтіп, қысы-жазы әбігерге түсеміз. Өсіп келе жатқан ауылдағы жеткіншектерге арналған мәдениет үйінің болуын қамтамасыз етсеңіздер. Рахмет! Жауап күтемін!!!
Жауап:
Жолаушылар қатынайтын автобустың жетіспеушілігі туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүргізілетін Тараз-Жасөркен бағытындағы жолаушыларды тасымалдайтын автобустарының кесте санын ұлғайтуға ұсыныс хат жолданды.
Көшелердегі асфальт жолдардың жағдайы туралы
Қызылқайнар ауылдық округіне қарасты Жасөркен ауылында барлығы жеті көше бар. Оның Жасөркен және С.Тұралиев көшелері асфальтталған, қалған 5 көше шағал жол. 2018 жылы Жасөркен көшесі ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Ауылда мәдениет үйінің болмауы туралы
Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес «Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы» әзірленгені белгілі.
Осы картада Жамбыл ауданы бойынша мәдениет нысандарын қажет ететін 5 еді мекен (Қаракемер, Қарой, Ақбұлым, Қызылқайнар) анықталған. Аталған елді мекендердегі мәдениет нысандарының құрылысы кезең-кезеңмен жүргізілмекші. Қызылқайнар елді мекенінде (Жасөркен ауылы) ауылдық клуб құрылысын 2022-2025 жылдар аралығында жүргізу жоспарланып отырғандығын хабарлайды.
05.12.2018 в 16:29:
Нұрсұлтан Ертайұлы: те кто работал в период с 1991 по 2018 годам, на территории Казахстана или Российской Федерации,имеют право на вывод 650000 ₸ от eGov. Проверьте является ли ваше имя в списке тех кто имеют право на вывод этих денежных средств. Осы рас па?
Жауап:
Құрметті Нұрсұлтан Ертайұлы!
«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі J-RECEPTION.KZ қабылдау желісі жұмысын бастады. Сіздің сауалыңызды «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі қабылдады. Сұрағыңыз Қазақстан Республикасының қаржы министрі Ә.Смайыловқа жолданды.

Құрметпен: «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
05.12.2018 в 16:05:
Орынбасар Пернебаевич: Ассалаумағалейкум.Біздер Құмшағал жастары 11-аймақтан өтінішпен шығып отырмыз.Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауында келер 2019жылы Жастар жылын бекітті.Нақты 100-Спорт кешенінін соғуға үлен мүмкүншілік беріп отыр.Менім аты жөнім Токбергенов Орынбасар.Құмшағалда жастардың мүшесімін.Болашақ жастардікі деп білеміз.Құмшағал 11-аймағында тұрғындар саны 20,742(жиырма мың жеті жүз қырық екі)құрайды.Құмшағалымызда спорт кешені атымен жоқ, және жылдан -жылға көркейіп келе жатыр.Ең бастысы жастарымыздың болашағын ойлауымыз керек.Біздерде Тараз қаласынан шетте қалып кеткен жоқпыз ба. Осыған кезінде спорт кешені туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Нәсібектін жеке қабылдауында болып, өзіне хат жүзінде шығып назарында болған олда құрғақ уәде болды.Уақыт өте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Манжуов Ерғанатың жек қабылдауында болдық олда жоқ.Енді нақты келер 2019жылы салауатты өмір салтын ұстанып жастар жылына Құмшағалдың өзіне спорт кешенін салыр берулеріңізді сұраймыз.Елін сүйген, жерін сүйген,потратизмы мықты жастарымыз болса келешекте Қазақстаның дамуына ат салысады деген ойдамыз.Біздің Құмшағалдың өзінде көптенен іс-шаралар өтеді. Тараз қаласының жастары жылда келіп ойларымен бөліседі.Бізбен бірге ойларыңызды бөлісуге шақырамыз.Нақты қай жерге соғуға болатынын. Құмшағал 11-аймағының Жастар атынан. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Жауап:
Құрметті Орынбасар Пернебаевич!
«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі J-RECEPTION.KZ қабылдау желісі жұмысын бастады. Сіздің сауалыңызды «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі қабылдады. Сұрағыңыз Тараз қаласы әкімі Ғ.Әбдірайымов пен Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтенге жолданды.

Құрметпен: «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
29.11.2018 в 16:48:
Дана Бахрам: Әкем зейнеткер және мүгедек. 2006 шы жылдан бері жер кезегінде тұрады. Қашанда барса ол жылға беріліп жатқан жоқ дейді. Сонда қашан ол жылға беріледі жер?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.
29.11.2018 в 16:41:
Эльмира Болатбекқызы: 2006 жылдан бері жер телімінің кезегінде тұрмын, жылда кезек 10-15 адамға ғана жылжиды, біздің жанұяның кезегі қашан келеді?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.
29.11.2018 в 16:38:
Асия Талгаткызы: Салеметсизбе казирги кезде жумыссызбын озим кв арендада турамын алатын алиментим 7500 мын тенге оныда дурыстап тоилемеиди окметтен жалгызбасыты анага кандаи комек бар. Уиге очеретке турдым ол каи кезде келетини белгисиз 10797 болып турмын.баскада пасобия дегендеи комек бар ма .Осы аитылган сурактарыма жауап алсамба деп едим.
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.
29.11.2018 в 16:34:
Салтанат Шаметхановна: Мен 2009 жылдан бери коп балалы отбасы ретинде патерге кезекте турмын, казирги кезде 5 балалы отбасымыз, кезек артка кетпесе, алга жылжыйтын тури жок. Мени мазалайтын сурак, патер алуга мумкиндик бар ма бизге? Алде кезекти кутпей баска шаралар колданган жон бе?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.
29.11.2018 в 16:31:
Бекен Еркинбек: Асалау магалейкум. Сурайн дегеним жер кезегине 1 жыл бурын 65427 ши болып тиркелдим ол кашан келеди оны калай аламын комектерниз болса сол жер телимин жылдамдатып аперсенизлер
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.
29.11.2018 в 16:25:
Дастан Амангельдиевич: Мен жердің кезегінде 2005тен тұрамын,жер телімі беріле ма? Қашан қай жерден?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Осы Заңының 74 бабының 1,3 тармағында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй... барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда басқаша көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, бұл тізімге енгізілген басқалар алдында, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», деп тұжырымдалған.
Заң талаптарына сәйкес, кезектен тыс пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ екендігін айта келе, Сізге пәтер тек кезек ретімен берілетіндігін хабарлаймын.
29.11.2018 в 16:23:
Нурияхан Махсетовна: Саламатсыз ба! Мен тургын уй кезегинде турмын. Откенде интернеттен уй бериледи 606 адамга деген еди, жартысы арай2 жартысы 15 микрорайоннан. Енди келеси апта, келеси апта деумен канша уакыт отти. Кашан бериледи сол уй?