Жауап:
Құрметті Олжас Алтынбекұлы!
Жамбыл облысының әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сіздің 2018 жылдың 28-ші тамызындағы нөмері 58-ші хатыңыз бойынша төмендегіні мәлімдейді:
Тараз қаласындағы Шөлдала тұрғын алқабына (Құмшағал, Көлтоған, Қызыд-Абад, Шөлдала шағын аудандары) газ келтіретін құбыр салуға 2017 жылы республикалық бюджеттен 623,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 61,3 млн. теңге, барлығы 685,2 млн. теңге бөлінді. Мердігер «Монолит-Дизайн» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын 2017 жылғы 1 сәуіре бастап 2017 жылғы 31 шілдеде аяқтады. Газ құбырының ұзындығы 24,355 шм. Шөлдала тұрғын алқабының көше аралық газ тартатын құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 2018 жылы қалалық бюджеттен 9,0 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда алғашқы деректер жинақталуда.
Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім республикалық бюджетке тапсырылатын болады.
«Шөлдала» тұрғын алқабында орналасқан 28 саяжай тұрғындары тұтынатын электр энергиясын заңды тұлғаларға арналған тарифпен (1 кВт/сағатқа ҚҚС-сыз 19,89 теңге) энергия жабдықтаушы мекемеге төлеуде.
Себебі, Қазақстан Республикасының «Тұтыну кооперативі туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 6-бабының 1-тармағына сәйкес, тұтыну кооперативтері заңды тұлға болып табылады.
Жамбыл облысының әкімдігінің
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Қ.Қорғанбаев