Карима Абдахова: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл округіне газ қашан кіргізіледі? Қай уақытқа жоспарланған? Бес әлеуметтік бастаманың 5 бастамасына сәйкес қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр ?
Жауап:
Майтөбе ауылының қасынан Тамды ауылы бағытында өтіп жатқан газ құбыры жоғарғы қысымды (45-55 кгс/см2). Ол газ құбырына қосылу үшін, газ қысымын төмендететін автоматты газ реттеуіш стансасын (әрі қарай - АГРС) салу қажет.
Осыған орай, бүгінгі таңда Талас ауданында (Тамды ауылында) орналасқан “Билікөл АГРС”-не жобалық-сметалық құжаттамасы (әрі қарай - ЖСҚ) әзірленіп, мемлекеттік сараптаға ұсынылды. ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім республикалық бюджетке тапсырылатын болады.
Нәтижесінде, Жамбыл ауданында 3 елді мекенін (Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңаөткел), Талас ауданының 2 елді мекенін (Майтөбе, Қожағапар), Жуалы ауданының 4 елді мекенін (Қарабастау, Әбдіқадір, Жылыбұлақ, Дарбаза), барлығы 9 елді мекенді газдандру мүмкін болады.
Осы жұмысты кезең-кезеңімен жалғастыру мақсатында әр ауданының әкімдігі тарапынан өз аймағында орналасқан елді мекенді (Жамбыл ауд. - 3е.м., Талас ауд. - 2 е.м., Жуалы ауд. - 4 е.м.) газдандыруға ЖСҚ дайындалады.
Елбасының “Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру” әлеуметтік үндеуі шеңберінде облыста бекітілген і-шара жүзеге асырылуда.
Облыста 377 елді мекен бар. Оның газдандырылғаны 181 немесе 48 пайызы. Болашақта 2019-2027 жылдары газдандырылатыны 196 елді мекен немесе 100 пайыз.
2019 жылы елді мекендерге газ келтіру құбырларының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 6,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл жобалар толық әске асқан кезде 5 ауданны ғ 81 елдң мекенінде тұратын 101 мың адамныі жағдайы жақсаратын болады.
Шу ауданы (22130 адам), Жамбыл ауданы (12631 адам), Жуалы ауданы (9457 адам), Сарысу ауданы Жаңатас қаласына дейін салынатын газ келтәру құбырларының құрылысына 3 млрд. теңге бөлінді (14 е.м, 39539 адам). Жаңатас қаласына дейін тартылатын құбыр құрылысына 2020 жылы қалған 4.7 млрд. теңге жоспарланған.
Оның ішінде тек қана республикаға қарамай, Байзақ ауданының 21 елді мекеніне газ келтіретін құбыр құрылысына облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге (17241 адам) бөлінді.
Елді мекендердің ішінде газ тартатын өқбыр құрылысына жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға 2019 жылы облыстық бюджеттен 52 820 мың тңге бөлініп, 5238 адамды орталықтандырылған газ торабына қосу қарастырылуда.
Жыл соңына дейін 9 елді мекенді орталықтандырылған газ торабына қосып, газдандырылған елді мекен санын 190 жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, үлестік саны 50 пайызды құрайтын болады.